Такси жүргізушілері мен асабалар салық төлеуге қарсы шықты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 5, 2023

Жаңа жыл басталысымен еліміздің бірқатар заңнамалары өзгертілді. Салық жүйесіндегі кей баптар күшейтіліп, уәкілетті органдар асабалар мен өнер адамдарының тіпті, такси жүргізушілерінің тапқан табыстарын есептейтін күн туды.

 
Олар кәсіптерін заңдастырып, табысының белгілі бір мөлшерін мемлекетке беруі шарт. Заңның орындалуын салықшылар биылдан бастап қатаң қадағаламақ. Алайда, бұған келіспейтіндердің өз уәжі бар.

Ғазиздың жолаушылар тасымалдап жүргеніне бір жылға жуықтаған. Жұмысынан шығып қалғандықтан амалсыз осы қызметімен отбасын асырап жүр екен.

Мен такси жүргізушілеріне ИП ашсын дегенге қарсымын. Күніне 2 мың, үш мың табамын. Кейде ол да жоқ.

«Сондықтан бала-шағамның аузынан жырып, салық төлей алмаймын» дейді ол. «Оның үстіне көше жағалап жолаушы іздейміз» деген жігіт ағасы, табыс салығын салмас бұрын, таксистерге жағдай жасалуы керек деп есептейді.

"Мен такси жүргізушілеріне ИП ашсын дегенге қарсымын. Алдымен үлкен таксопарк ашып, соның ішіне кіргізсін бәрін. Күніне 2 мың, үш мың табамын. Кейде ол да жоқ. Күнде бола бермейді ескі машина бұзылады. Кредитке жаңа машина алуға жағдайымыз келмейді", — дейді Ғазиз Омаров.

Алайда, заңның орындалуын қызылордалық тәртіп сақшылары бастап та кетіпті. Себебі өзге өңірлердегідей емес, мұнда таксилер қарапайым көліктерден  ерекшеленеді.

Сондықтан да болар, «Үйімізге жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуді ескерткен арнайы хат келіп жатыр» дейді жүргізушілер.

Салық төлеу керек болса, бірінші бізге жағдай жасау керек. Сол бір тиіп қашып жүріп әр жерден бір клиент аламыз. Ол қалай болады сонда?

"Естіп жатырмыз, мазалап жатқаны бар, камерамен түсіреді, үйлеріне хат жібереді. Бәрі бірден болып кетпейді. Жаймен-жаймен болатын нәрсе. Салық төлеу керек болса, бірінші бізге жағдай жасау керек. Сол бір тиіп қашып жүріп әр жерден бір клиент аламыз. Ол қалай болады сонда? Біз ИП ашамыз деп айта алмаймын", — деді жүргізуші Жарқынбек Рахымов. 

Такси жүргізушілері түгілі қайыршылар да салық төлемек. Яғни көпшіліктің мазасын алғандарға айыппұл салынады. Т

іпті шоу бизнестің қазанында қайнап, тойдың сағасынан су ішіп жүрген өнер адамдарын да табыс салығы айналып өтпеді. Бірақ ол мәдениеттің өркендеуіне балта шабу деп есептейді Нұрлан Еспанов.

"Өнерге тиісу деген, сөздің шыны керек, мәдениеттің өлгені деген сөз ол. Жалпы, өнердегі азаматтарға тимей-ақ қою керек қой. Себебі оларға жағдай жасалып жатқан жоқ. Бір жерде тіркеліп тұрмағаннан кейін ренжиді ертең салық сұрасаң. Сендер бізге жұмыс тауып беріп жатырсыңдар ма деп. Ал біреуден салық алу үшін сен оған жағдай жасап беруің керек қой. Ол салық алатын жағдайға жеткізіп беруің керек қой. Болмаса бізге той тауып берсін, үлкен үлкен банкеттер тауып берсін. Сол жерде оған біз салық төлейік", — деп ашуланды әнші Нұрлан Еспанов.

Айлық табыстарын жарияға жар салып, салық төлеуге асабалардың көпшілігі де құлықты емес.

Біреуден салық алу үшін сен оған жағдай жасап беруің керек. Ендеше бізге той, үлкен үлкен банкеттер тауып берсін.

"Өнер адамдарын салық төлеу арқылы  бақылау мүмкін емес сияқты. Өзіміздің қазақ тарихына үңіле кетсек, кезінде Шал ақын, Жаяу мұса, Ақан сері бар солардың кездерінде де ол кісілер керемет сері болған. Бірақ хандар оларға салық төлетпеген. Салықты тек қана өзінің деңгейінен, бала-шағасынан асқан кезде ғана төлейді", — дейді асаба Мәулен Әметханұлы.

Ал шоу-айтыста Ақ Қанат, «Әзіл әлемінде» автомат атанып жүрген Қанат Әлжаппаров өзгерістерге оң көзқараста. Тек, ай сайын әр асабаның қалтасын кімнің және қалай есептейтіндігі ол үшін түсініксіз.

"Мен де той басқаратын адамның бірімін. Егер салық төлесін деп, заңдастырып, шынымен де біздің төлеген салығымыз үкіметке түсетін болса мен қарсы емеспін. Менің төлеген салығым ертең әке-шешеме барады пенсия болып, басқа да әріптестерімізге айлық болып барады. Бірақ енді тойға шықпай қалсақ қалай болады. Онда жалпы әр асабаның артында салық қызметкері жүру керек қой", — дейді Қанат Әлжаппаров. 

Ал салық комитетіндегілер айлық табыстың есебін шығаруды әркімнің өз жауапкершілігіне жүктеп отыр. Олардың мәліметінше заң шыққан 20 жылдан аса уақытта елімізде көптеген өнер адамдары мен асабалар, такси жүргізушілері дара кәсіпкер ретінде тіркелген.

Дегенмен әлі де болса, жалтаратындардың бар екендігін жасырмады. Ал енді ескертуді құлақ аспағанғандарға қолданылатын шара да қатаң болмақ дейді мамандар.

Тойға шықпай қалсақ қалай болады. Онда жалпы әр асабаның артында салық қызметкері жүру керек қой.

"Дара кәсіпкердің есеп шотын жабамыз. Мүлігі болса, мүлігін шектейміз. Содан кейін мүлігін, айыппұлды төлемесе, оны аукцион арқылы сатамыз. Салық органдары, жазалау емес біздің міндет, сол себепті визуалды бақылау деген құрал бар бізде. Біз мысалы қалаға шығамыз визуалдық бақылау жасаймыз", — деді  Мемлекеттік істер комитеті Жоба және модернизация басқармасының басшысы Жамбыл Сұрағанов.

Жалпы өнер адамдары, асабалар, такси жүргізушілері болсын дара кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркелуі шарт. Былтырдың өзінде олардың жеке табыс салығынан мемлекетке 40 млрд теңгеден аса қаржы түскен екен.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.