Гүзел Манюрова ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 4, 2022

Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып жастар құрамасының бапкері Қайрат Сағадиев тағайындалды.

 
Бұл туралы  грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы хабарлайды.

Ал Лондон Олимпиадасынан бері аталмыш қызметті атқарып келген Гүзел Манюрова жаттыға мен жауапты жұмысты қатар алып жүрудің қиын екендігін айтады.

«Бұл – алқаның шешімі. Спортшы бола тұрып бапкерлікті қатар алып жүру оңай емес. Алдыма 2016 жылғы Рио Олимпиадасында табысты өнер көрсетемін деп мақсат қойдым. Сол жолда барымды салып еңбек етуім керек», — дейді Гүзел Манюрова.

Жастар құрамасын баптап келген Қайрат Сағадиев қызметтік өтілінде біраз жетістікке қол жеткізіп үлгерген.

Естеріңізде болса, Сағадиев шәкірттері Азия чемпионатында 5 медальмен 2-орыннан көрінсе, ал әлем біріншілігінде екі медальге иелік еткен болатын.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.