Назарбаев Берлинде Ангела Меркельмен кездесті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 31, 2022

9 қаңтарда Берлинде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия канцлері Ангела Меркель кездесті.

Кездесу барысында екіжақты экономикалық қарым-қатынасты жандандыру мәселелері, сондай-ақ Украинаның шығысындағы ахуалды Украина, Ресей, Германия, Франция басшыларының таяуда Астанада өтуі ықтимал кездесуі аясында реттеу шаралары талқыланды.

Назарбаев пен Меркель Минск келісімін тездетіп орындау керек екенін де айтты. ​Меркель мен Назарбаев 2012 жылы ақпанда қол қойылған Қазақстан мен Германияның шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы серіктестік туралы келісімдердің орындалу жайын сөз етті.

Олар инновациялық-инвестициялық ынтымақтастық жайын, 2017 жылы Астанада өтетін EXPO көрмесіне дайындық мәселесін де талқылады.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.