Францияда ағайынды Саид пен Шериф Куашилердің көзі жойылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 22, 2024

«Шарли Эбдо» сатиралық журналына шабуыл жасаған күдіктілердің көзі жойылды. Арнайы операция Францияның Даммартен-ан-Гоэль қаласындағы баспаханада болған.

 
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, француз арнайы жасағы ағайынды Саид пен Шериф Куашиді өлтірді. Кепілге алынған тұтқындардың барлығы босатылды.

Бұған дейін француз полициясы баспахана ғимаратына қарулы шабуыл жасауды бастағаны жөнінде ақпарат көздерінде айтылған болатын.

Айта кетейік, сәрсенбі күні Париждегі 11-аумақта орналасқан сатиралық басылымның кеңсесіне баса-көктеп кірген 3 қаскүнем автоматтан оқ жаудырған. Шабуылдаушылар оқиға орнынан із жасырып үлгерген еді.

Сәлден соң Шариф пен Саид Куаши Сена және Марина департаментінің трассасында полициямен қайта қақтығысқан болатын.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.