Жамбыл облысында мәслихат депутаты 5 жылға сотталып кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 4, 2024

Жамбыл облысында Мәслихат депутаты Жомарт Қошқаров сотталды. Халық қалаулысы өзі басқарған оқу орны ғимаратын заңсыз меншіктеп, мемлекетке 130 миллион теңге шығын келтірген.

Орынбасарымен бірге жасаған қылмысы әшкереленген ректор 5 жыл арқалады деп хабарлайды КТК арнасы.

Өңірдегі ең ірі жеке оқу орны өткен жылы білім беру талаптарына сәкес келмей жабылған еді. Оған ректор Жомарт Қошқаров қарсы тұрғанымен ақыры университеттің есігіне қара құлып салынып, шәкірттері өзге білім ошақтарына таратылған.

Ал өзі артынша істі бола қалды. Оған Ақпараттық технологиялар колледжін ашу үшін мемлекеттен берілген қос ғимаратты жалған құжат жасау арқылы заңсыз меншіктеді деген айып тағылған.

Осы былықты өзінің орынбасары екеуі жасап, қазынаны 130 млн шығынға батырыпты. Жомарт Қошқаров енді 5 жыл алты айын, оң қолы Жаңабай Әшім 5 жылын абақтыда өткізуі тиіс.

"Ақ Жол" партиясы атынан сайланған халық қалаулысы депутаттық мандатынан тек сот шешімі заңды күшіне енген күні айырылмақ.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.