Павлодарлық оқушы Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветадан хат алды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 1, 2023

Павлодарлық оқушы патшайыммен хат алмасты. 14 жастағы София Қайырбаева Ұлыбритания патшайымы Екінші Елизаветаға жаңа жыл мерекесімен құттықтап хат жолдаған екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Тек Букингем сарайынан жауап келетінін жеткіншек күтпесе керек. Софияның айтуынша, патшайымға хат жолдау оның бала күнгі арманы. Ағылшын тілін меңгерген ол сәуір айында Екінші Елизаветаны туған күнімен құттықтағысы келген. Бірақ үлгермепті.

Кейін Жаңа жыл қарсаңында ізгі тілегін хатқа тізіп, кәдімгі поштамен жолдаған. Патшайымға әлемнің түкпір-түкпірінен күніне мыңдаған хат келетінін білетін оқушы өзінің сәлемдемесіне жауап алғанда қуанышында шек болмапты.

Букингем сарайынан жеткен хатта Софияның Ұлыбританияның тарихына қызығушылық танытып, ағылшын тілін жетік білуіне алғыс айтылған. Сондай-ақ патшайым өзінің суреттерін қоса салыпты. Оқушы қыз енді Екінші Елизаветаның өзімен жеке танысуды армандайды.

"Хатты оқу барысында патшайымның Ұлыбританиядан өзге тәуелсіз он бес мемлекетті басқаратынын оқып білдім. Екінші Елизавета сұлу да, салиқалы және мейірімді адам. Мұндай биік тұлғаның атынан хат алу мен үшін үлкен құрмет. Жаңа жылда күтпеген сыйға ие болдым", — дейді оқушы София.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.