Куәгерлер Ақтөбеде болған жарылыс туралы айтып берді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 16, 2022

Ақтөбедегі жер үйлердің бірінде жарылыс болғанын хабарлағанбыз. Бұл жолы да төтенше жағдайға газ құрылғысындағы ақау себеп болған.

Соның салдарынан жеті адам жарақат алып, үшеуі ауыр халде жатыр деп хабарлады КТК арнасы.

Денесінің сексен пайызын күйік шалған науқастарды емдеу үшін Астанадағы орталықтан мамандар шақытылуда.  Мүмкіндік болса жергілікті дәрігерлер оларды ұшақпен елордадағы емдеу мекемелеріне жеткізбекші.

Ақтөбе іргесіндегі Заречный ауылында тұратын Чеберда отбасының шаңырағы бір сәтте ортасына түсті. Сол түні туыстары келіп, қонақ күтіп жатқан кезде газ қондырғысы жарылған.

Дастархан басында отырған жеті адамның барлығы жараланыпты. Араларында екі бала бар. Оларды балалар ауруханасына жөнелтсе, сүйек жарақатын алған бір науқас теміржол ауруханасында емделуде.

Ал күйік жарақатамен жедел медициналық көмек көрсету мекемесіне жеткізілген төрт адамның үшеуінің хәлі тым ауыр.

"Жарылыстан кейін күйікпен үш ауру түсті. Жағдайлары үшеуінің өте ауыр. Біреуінікі орташа. Үшеуі реанимация бөлімшесінде жатыр. Біреуі травмотология бөлімшесінде жатыр", — дейді Ақтөбе облыстық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстанов.

Мұхамбеталиндер отбасының баспанасы жарылыс болған үймен жапсарлас салынған. Алғашқыда ештеңе түсінбей қалғандарын айтады. Қазір шаңырақтарының да, өздерінің де аман қалғандарына шүкіршілік етіп отыр.

"Кино қарап отыр едік. Жарылыс болды. Жүгіріп шықтық. Мына қақпаға біреу машинамен соғылды деп ойладық", — дейді Лидия Мұхамбеталина.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс газ қондырғысындағы ақаудан болған. Абырой болғанда от тұтанып үлгермепті. Көршілері дереу жетіп көше бойындағы құбырдан көгілдірді отынды ажыратып үлгерген.

Қазір өрт сөндірушілер оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.