«Барселона» клубы ФИФА-мен қарым-қатынасын үзді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 29, 2022

«Барселона» клубы Халықаралық футбол ассоциациясы қауымдастығымен қарым-қатынасты үзді.

«Бұл жайында Каталония клубының президенті Хосеп Бартомеу мәлім етті», — деп хабарлайды Goal.com. порталы.

Бұған ФИФА тарапынан салынған санкциялар мәжбүрлеген. Қауымдастық клубқа 2014 жылдың қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жаңа футболистерді алуға тыйым салды.

Себеп — кәмелетке жасы толмаған ойыншыларды тіркеу және тасымалдау кезінде ережелер бұзылған деп айыптайды. «Барселона» басшысы федерация президеденті Йозеф Блаттерге хат жолдап 12 қаңтарда Цюрихте өтетін «Алтын доп 2014» салтанатына қатыспайтынын мәлімдеді.

Мәртбелі марапаттан барселоналық Лионель Месси, мадридттық «Реалдың» ойыншысы Криштиану Роналду және мюнхендік «Баварияның» қақпашысы Мануель Нойер үмітті.

Қаңтар айының басында каталондықтар Андони Субисарретаның клуб директорлығынан кеткенін хабарлаған.

Сондай-ақ, бас тренер Луис Энрикенің, негізгі ойыншы Лионель Мессимен келіспей қалғандықтан, отставкаға кететіні туралы да сыбыс шықты.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.