Париж іргесінде атыс болды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 2, 2023

Парижден шыға беріс жердегі Порт де Шатийон ауданында атыс жүріп жатыр деп хабарлайды РИА Новости RTL радиостанциясы сілтеме жасап.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, құқық қорғаушылардың бірі жарақат алған. Өзге ешқандай мәлімет жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, 7 қантар күні Париждегі Charlie Hebdo апталық басылымының редакциясына қарулы шабуыл жасалып, 12 адам қаза болған еді.

Франция президенті болған жайтты терракт деп бағалаған. Артынша ұстау операциясын жүргізген полицейлер негізгі екі күдіктіні — ағайынды Куашилерді қолға түсіре алмаған.

Ел премьер-министрі Мануэль Вальс аталған жайтқа қатысы бар деген күдікпен бірнеше адамның ұсталғанын хабарлап отыр. Дегенмен, олардың кім екені және нақты қаншау екені айтылған жоқ. Белгілісі, Шериф Куаши мен Саид Куаши әлі қолға түскен жоқ.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.