Жаңа Зеландияда туристер құлап бара жатқан ұшақтан секіріп аман қалды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 24, 2023

Жаңа Зеландияда 13 адам – алты жолаушы мен экипаждың жеті мүшесі – көлге құлап бара жатқан ұшақтан санаулы секундтардың ішінде секіріп үлгеріп, аман қалды. Бұл туралы Утро.ру сілтеме жасап Bnews.kz хабарлайды.

Экипаж мүшелері мен жолаушылар апатқа ұшырағалы жатқан әуе кемесінен дер кезінде парашют киіп, екі-екі адамнан секіріп түскен. Олар секіргеннен кейін ұшақ бірден жаңазеландиялық Солтүстік аралындағы Таупо көліне құлапты.

Куәгерлердің айтуынша, адамдардың секіруі мен ұшақтың құлауы арасындағы уақыт небәрі 15 секундты құраған. Ең соңғы болып борттан жерге 300 метр қалған кезде ұшқыш секіріпті. Көл жағасындағы талдардың арасына құлаған ол аздап жараланған.

"Ұшақтан лезде секіріп үлгеріп, аман қалғандары өте таңқаларлық", — дейді куәгерлердің бірі.

Әуе апатына куә болғандар бірден жедел жәрдем шақырған. Тіпті олардың бірі ұшақ құлаған аймаққа қайықпен жүзіп барып, аман қалған жолаушыларды жағаға жеткізген. Ұшақтың апатқа ұшырауына қозғалтқыштың істен шығуы себеп болған көрінеді.

Аталмыш ұшақ скайдайвинг – парашютпен секіру қызметін ұсынатын Skydive Taupo компаниясына тиесілі.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.