Калачиде «ұйқы дертіне» ұшырағандарды Астанада тексере бастады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 4, 2024

Тұрғындары «ұйқы дертіне» шалдыққанына көп болған Калачи ауылындағы төрт әйелдің денсаулығын ұлттық ғылыми-медициналық орталық зерттеуге алды.

Беймәлім құбылыс байқалған бір жарым жылдан бері науқастарды алғаш рет Астанада тексермек. Неврология бөлімшесіне жеткізілгендердің арасында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында анасы мен бауырының үйіне қыдырып келген 58 жастағы әйел — Ресей азаматы бар.

Әлгі әйел бұрын осы ауылда тұрған, кейін тұрмысқа шығып, Новосибирск қаласына көшіп кеткен. Туған ауылына келген соң желтоқсанның 31-і күні жағдайы нашарлаған. Есіл аудандық ауруханасына жатқызлған әйелге «ұйқы дертіне» шалдыққан деген диагноз қойылған.

Ал Астана мамандары мұндай диагнозды әлі қойған жоқ. Олар Ресей азаматы мен ауылдың жергілікті үш тұрғын әйелін (екеуі — 74 жаста, біреуі — 47 жаста) әуелі тексеріп шығу керек дейді.

Оларды түрлі мамандарға көрсетуді жоспарлап отырмыз, бүгін-ертең тексереміз. Зерттеу нәтижелері дайын болса, бірнеше күннен кейін нақты бірдеңе айта аламыз.

"Қазір олардың жағдайы бір қалыпты, денсаулықтары нашарлап кеткен жоқ.Қолымызда ақпарат аз болғандықтан болжам жасауға әлі ерте. Оларды түрлі мамандарға көрсетуді жоспарлап отырмыз, бүгін-ертең тексереміз. Зерттеу нәтижелері дайын болса, бірнеше күннен кейін нақты бірдеңе айта аламыз", — дейді ұлттық ғылыми-медициналық орталығының клиникалық жұмыс жөніндегі директоры Темірлан Кәрібеков.

Оның айтуынша, ауруханаға түскен әйелдердің бәрі «есін жиған әрі өміріне төнген қауіп жоқ». Бірақ оларды ұйқы баса береді, өздерін дел-сал сезінеді әрі есте сақтау қабілеті нашарлағанына шағым айтқан.

Әйелдер аудандық ауруханаға қашан түскенін және «ұйқы дертінің» алғашқы белгілері қашан пайда болғанын естеріне түсіре алмаған. Дәрігер Темірлан Кәрібековтің айтуынша, науқастар есін біледі, қойылған сұраққа жауап беріп, айтқан сөзді түсінеді, айналаны бағдарлай алады.

Бірақ Азаттық тілшісіне науқас әйелдермен сөйлесуге рұқсат бермеді. «Ұйқы дертіне» шалдыққан Калачи ауылы тұрғындары Астанадағы ұлттық ғылыми-медициналық орталығына алғаш түсіп отыр. Дәрігерлердің түсіндіруінше, «науқастарды республикалық деңгейде тексеруге жолдау туралы шешім Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде енді ғана қабылданған».

Әйелдер аудандық ауруханаға қашан түскенін және «ұйқы дертінің» алғашқы белгілері қашан пайда болғанын естеріне түсіре алмаған.

Калачи ауылында «ұйқы дертінің» алғашқы белгілері 2013 жылдың наурызында байқала бастаған. Ол кезде 14-70 жас аралығындағы бірнеше тұрғын бас айналу, әлсіздік, ішінара есте сақтау қабілетінен айырылу, ұйқы басу, тәлтіректеу сияқты белгілермен аурухана көмегіне жүгінген.

Бұл дерттің пайда болу себебін анықтау үшін Ақмола облысында бірнеше рет арнайы комиссия да құрылған. Бірақ олар дерттің себебін сол күйі анықтай алмаған. Қаңтардың 5-і күні Калачи ауылының тағы төрт тұрғыны «ұйқыға кеткені» туралы хабарланды, ал соңғы екі аптада аудандық ауруханаға ұйқы басқан 40 шақты адам түскен. Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, олардың арасында ересектермен бірге жас балалар да бар.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.