Геннадий Головкин 2015 жылғы жоспарымен бөлісті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 19, 2024

Геннадий Головкин 32 жастағы Мартин Мюррейді өзінің күшті қарсыласы ретінде санайды. Бұл туралы Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы арнасы.

"Мартин — жақсы боксер. Онымен өткізетін жекпе-жегім менің өмірімдегі жағымды оқиға болмақ. Мен оны көргем, ол үлкен және күшті жігіт", — деді Головкин.

Сондай-ақ, Қазақстан спортшысы жекпе-жек өзінің мансабы болғандықтан күнделікті жаттығатындығын айтты.

"Бұл менің уақытым", — деді GGG.

Сонымен бірге Головкин 2015 жылы 4 жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғандығын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин 21 ақпанын күні 32 жастағы Мартин Мюрреймен қолғап түйістіретін болады.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.