Шымкенттегі жеке компаниялардың бірінің күзетшілері вагон жуатын паркке баратын жолдағы станциядан 25 литрлік 15 дана канистра тауып алған. Оқиға болған жерге келіп жеткен қалалық ІІБ қызметкерлері оның ұрланған жанармай екенін анықтады.
Шымкент қаласының Ішкі істер желілік басқармасы қызметкерлерінің жедел іздестіру шарасы барысында ұрлық жасаған 33 және 44 жастағы шымкенттік тұрғындар ұсталды.
Олардан заттай айғақ ретінде 375 литр жанармай табылып отыр.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-тармағы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Новости Казахстана