Charlie Hebdo редакциясына лаңкестік шабуыл жасағандар анықталды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 10, 2023

Франция полициясы "Шарли Эбдо" журналының редакциясына шабуыл жасаған күдіктілердің суретін жариялады. Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Полиция күдіктілер туралы қандай да бір ақпарат білетін куәгерлердің көмегіне үміттеніп отыр. Лаңкестікке қатысқан ағайынды Саид пен Шериф Кашиді тұтқынға алуға ордер берілді.

Ал тағы бір күдікті – 18 жасар Хамид Мурад полицияға өз еркімен берілген еді.

Естеріңізге салып өтсек, 7 қаңтар күні таңертең үш лаңкес "Шарли Эбдо" журналының редакциясы орналасқан кеңсеге баса-көктеп кіріп, оқ жаудырған еді. Салдарынан 12 адам құрбан болып, тағы 11-і түрлі жарақат алған.

Ал шабуыл жасағандар автокөлікке мініп оқиға орнынан ізін жасырып үлгерген. Алдын ала мәліметке сүйенсек, басты күдікті саналып отырған үш ер адам "Аль-Каида" немесе "Ислам мемлекетімен" байланысты топтарға жатуы мүмкін.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.