Қызы ауыр дертке ұшыраған алматылық әйел жұрттан көмек сұрайды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 7, 2023

Алматылық 5 жасар Кәмила түтікшеге тәуелді болып қалған. Туа бітті бүйректің ең ауыр дертіне ұшыраған бала үшін жіңішке медициналық құрылғы оның бүгінде бүйрегі десе де болады.

Кішкентай Кәмиланың зәр сүзетін ағзасы мүлдем істемей қалған. Аурудың салдарынан қыз кіші дәретке бір де бір мәрте өздігінен бармаған. Ол аздай, балақай не жүре де, не сөйлей де алмай қалған.

Әне-міне мектепке баруы тиіс баласының тірі қуыршаққа айналғанына жаны ауырған әке-шеше қызды аяқтан тұрғызу үшін қайырымды жандардан қол жайып көмек сұрайды. Далада асыр салып ойнауы тиіс бала бес жылдан бері төрт қабырғаға қамалған.

Егер Кәмиладан құрылғыны алып тастаса кіші дәреті ішіне тарамақ.

"Қызым кейде жүгіріп ойнағысы келеді. Бірақ ол жүре алмайды. Тіпті, отыра да алмайды. Үнемі қолға алып жүреміз", — дейді Кәмиланың анасы Алена Сәскебаева.

Бүлдіршіннің қос бүйрегі туылғаннан бері істемейді. Дерттің салдарынан іші үріліп, ал аяқтары болса мүлде өсуді қойыпты. Ал күшті дәрілердің әсерінен бала не жүре де, не сөйлей де алмай қалған.

Осылайша тірі қуыршаққа айналған қыз тек зәр шығарар алдында ғана көз жасына ерік беріп, бала екенін білдіреді. Туа салысымен түтікшеге таңылған Камила кіші дәретін іші арқылы шығарып жүр. Әрбір үш сағат сайын анасы сұйықтықты алып тұрады. Сәскебаевтар отбасы осылай 5 жыл бойы кенже қызының өмірін ұзартып жүр.

"Қолымнан не келеді келмегенін де істеп жатырмын. Жылағанда өзімнің де жылағым келіп кетеді. Көрсетпеймін көз жасымды. Алматы бойынша қандай аурухана қай жерде бәрін біліп болдым", — дейді Кәмиланың әкесі Азамат Сәскебаев.

Аурухана жағалай берген соң отағасын бір емес, осымен жетінші жұмыс орнынан қуып жіберіпті. Қаржыдан қиналған отбасы қазір отаға ақша жеткізе алмай жүр.

Үндістан дәрігерлері Камиланың сіресіп қалған қуығын емдеп береміз деп уәде етіпті. Анасы өз бүйрегін бөліп бермек. Отбасы оған 30 мың доллар қаржы тапқан. Тек енді 6 мың доллар жетпей тұр. 10 күннен кейін ота жасатуға кетуі тиіс Сәскебаевтар кішкентай Камиланың аяқтан тік тұруы үшін қайырымды жандардан жалбарынып көмек сұрайды.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.