Смартфондар адамдардың жеке құпияларына қауіп төндіруі мүмкін


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 20, 2023

Жаңа смартфондар мен гаджеттер өз иелерінің жеке ақпараттарын, соның ішінде "жеке" суреттерін де жинай алады. Бұл туралы АҚШ Федеральды сауда комиссиясының басшысы ескертеді, деп хабарлады Би-Би-Си.

Сonsumer Electronics Show көрмесінде сөз сөйлеген Эдит Рамирес болашақта гаджеттер адамның жеке өмірдің құпияларына қауіп төндіретінін айтты.

Жиналған ақпарат жұмыс берушіге, университеттер мен компанияларға таратылса адам туралы дұрыс түсінік тудырмауы мүмкін, деді ол.

Рамирес технологиялық компанияларды олардың құрылғылары тек өнімнің қызметіне қажетті ғана ақпараттарды жинап, адамның жеке өміріне қатысты деректерге қол сұқпауын қадағалауға шақырды.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.