Қазақстандық шаңғышы Италиядағы жарыста топ жарды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 29, 2023

Алексей Полторанин шаңғы жарысынан "Тур де Ски" көпкүндігінің төртінші кезеңдік бәйгесінде ең үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды " Алаш айнасы".

"Тур де Ски" көпкүндігінің төртінші кезеңдік бәйгесі Италияның Тоблах елді мекенінде (коммунасында) өткен болатын. Мұнда шаңғышылар 10 шақырымға классикалық әдіспен жарысты.

Бұл бәйгеде Қазақстан шаңғысы Алексей Полтораниннің бағы жанды. Ол осы қашықтықта ең үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынға ие болған Ресей шаңғышысы Евгений Белов одан 0,5 секунд қана қалып қойды. Үшінші орын Норвегия шаңғышысы Мартин Йонсруд Сундбюге бұйырды.

Халықаралық шаңғы спорт федерациясының ресми сайты бұл Полтараниннің "Тур де Ски" көпкүндігіндегі екінші жеңісі екендігін атап өтіпті. Алексей аталған көпкүндіктің 2013 жылғы бес шақырымдық бәйгесінде де (ол да классикалық әдіспен) жеңімпаз атанған болатын.

Осы ретте айта кетейік, Алексей Полторанин б жеңісінің арқасында жалпы есептегі жағдайын да біршама түзеп алды. Қазір ол "Тур де Ски" көпкүндігінің жалпы есебінде 5-орында тұр.

10 шақырым. Классикалық әдіс. Ерлер.

1. Алексей Полторанин (Қазақстан) – 22:51.8 2.

Евгений Белов (Ресей) – 0,5 секунд қалып қойды

3. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) – 4,2 секунд қалып қойды

"Тур де Ски" көпкүндігінің жалпы есебі (төрт кезеңдік бәйге қорытындысы):

1. Петтер Нортуг (Норвегия) – 1:16:54.6

2. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) – 1,5 секунд қалып келеді

3. Евгений Белов (Ресей) – 6,4 4. Калле Хальфварссон (Швеция) – 6,4

5. Алексей Полторанин (Қазақстан) – 26,5

6. Дарио Колонья (Швейцария) – 54,8

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.