Еліміздегі қайыршылар өздеріне айыппұл салынатынына өкпелі


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 11, 2022

Жаңа жылдан бастап алақан жайып, тиын-тебен сұраған қайыр сұраушылар мен балгерлерге және тәнін судалаған жезөкшелерге айыппұл салынатынын хабарлағанбыз.

Садақа сұрап күн көріп отырғандар 10 мың теңге айыппұл төлейтінін естігенде салы суға кетті. Бірақ жаңа заң бойынша тек мазаны алғандар ғана осындай жазаға тартылмақ. Алайда полиция қызметкерлері мұны қалай анықтамақшы?

Шіркеу маңында садақа сұраған Натальяның мамандығы заңгер. 54 жастағы әйел алып қаладан жұмыс таппай сенделіпті. Сауда-саттықты да кәсіп етіпті. Аяғын сырқыратқан дерт еңбек етуіне мұрша бермеген соң алақан жайып, қайыр тілеп жүр.

Біз бір үзім нан үшін тиын-тебен сұраймыз. Менен айыппұлға не алмақшы, мен не беремін?

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің жаңа бабын Наталья жақсы біледі. Бірақ қайыр сұрамаса өзінің аш қалатынын айтады.

"Біз бір үзім нан үшін тиын-тебен сұраймыз. Менен айыппұлға не алмақшы, мен не беремін? Соңғы шалбарымды шешіп бермесем, басқа амалым жоқ. Қалай өмір сүремін, тек құдайға үміт артамын", — дейді Наталья.

Көшеде алақан жайғандар бейнекамера көрсе, бой тасалауға тырысады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бадам ауылының тұрғыны Иринаны көше жағалап, садақа сұрауға мәжбүрлеген жоқшылық пен тұрмыс тауқыметі.

Ол бұл кәсіппен нәпақа тапқандарға айыппұл салынатынын бүгін естіді. Жаңалыққа әрине қуанған жоқ.

"Енді не істеуім керек, ұрлық жасай алмаймын. Ешкімнің қалтасына қол сұқпаймын, адамдар өздері береді. Алғысымды айтамын. Басқа ештеме істей алмаймын", — деді Ирина.

Қайыршы, балгер, жезөкшелердің ұйқысын ұрлаған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 449-бабы. Қоғамдық орындарда ел-жұртты мазалап, қайыр тілеп, бал ашатындар мен тәнін сатқандарға енді 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 10 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.

Әрине ол үшін жәбірленуші жезөкше, қайыршы немесе балгердің мазалағанын айтып, шағымдануы керек.

Енді не істеуім керек, ұрлық жасай алмаймын. Ешкімнің қалтасына қол сұқпаймын, адамдар өздері береді.

"Бұл жерде адамдарға белсенді түрде тиіскендер жауапкершілікке тартылады. Яғни құқық бұзушыдан өзге міндетті түрде жәбірленуші тарап болуы керек. Сонда ғана жәбірленушінің жауабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін белгілейміз", — дейді  Астана қаласы Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Қайсар Сұлтанбаев. 

Алайда, бұл бап елімізге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан ағылатын жезөкшелер мен кезбелердің легін тоқтатады дегенге сену қиын.

Өйткені жезөкше немесе балгер, тіпті қайыршының көшеде өзіңізді мазалағанын дәлелдеу оңай шаруа емес.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.