Елімізде жүргізушілерге автокресло жетпей жатыр


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 8, 2022

Жаңа жол ережесі қосалқы орындық саудасын қыздырды. Еліміздің көлік жүргізушілері балалар орындығы мен қауіпсіздік белдігіне арналған құрылғыны қазірден таппай жүр.

Ал құжат ертеңнен бастап күшіне енеді. Әсіресе Ақтауда сауданың көрігі қызып тұр. Базарларда мұндай тауар атымен жоқ. Дүкендердегі бағы қашанғыдай жоғары. Сонда да тұрғындар талап алып жатыр.

Орындықты қала бойынша 1-2 дүкеннен ғана табуға болады, ол да таусылуға таяу.  Ақтаудағы автобөлшектер сатылатын ірі базарлардың бірінде  әдетте адам аз. Бірақ бүгін жас та, кәрі де осында. Барлығы автокөліктеріне балаларға арналған орындық пен қауіпсіздік белдігіне қосалқы құрылғы таппай әлек.

Рафик Магирамов өткен жылдан бері өтпей тұрған 3 орындығы мен 20-дан астам тартпасын бір күнде сатып жіберген.

Рафик Магирамов өткен жылдан бері өтпей тұрған 3 орындығы мен 20-дан астам тартпасын бір күнде сатып жіберген.

"Сұраныс өте көп. Таңертеңнен бері 5-6 адам сұрап кетті. Бүгін 10 орындыққа тапсырыс бердім. Олар тек ақпан айында ғана келеді", — дейді ол.

Базарда орындықтардың құны 15-20 мың теңге тұрады. Алайда соның өзі қазір жоқ. Бірен-сараны жиһаз және балалар дүкендерінде ғана қалған. Мұндағы баға 25 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін жетеді.

"Менің 16 немерем бар. Оның бәріне 16 кресло алатын болсам, зейнетақым жетпейтін шығар", — дейді Ақтау қаласының тұрғыны Әби Сейдалиев.

Ал Құралбек Бақтыбаев бүгін 5 орындық сатып алды. Үшеуін өзінің, екеуін інісінің көлігіне орнатпақ.

"Заңнан аттап кете алмайсың ғой. Сол заңға бағыну керек. Басқа амал жоқ. Біреуі 30 мың. Амал жоқ, аласың енді қайтесің?", — дейді  ол.

Бірен-сараны жиһаз және балалар дүкендерінде ғана қалған. Мұндағы баға 25 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін жетеді.

Дүкендерде де қазір сауда қызып тұр. Бұрын айына 10 шақты орындық өтетін дейді сатушылар. Қазір оны бір күнде алып кетіп жатыр.

"Сауда осылай жүрсе, орындықтар айдың ортасына дейін өтіп кетеді деп отырмыз. Жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелер 10-20-сын бірден алып кетіп жатыр. Ал бізге жаңа тауар тек айдың аяғында келеді. Бұл жолы орындықтарға әдеттегіден әлдеқайда көп тапсырыс бердік", — дейді  балалар дүкенінің әкімшісі Ирина Серхова.

Бүкіл елді мұнша сарсаңға салған "Жол қозғалысы ережелері" туралы жаңа заң екені мәлім. Ол 12 жасқа дейінгі баланы көлікке мінгізген жүргізушілерге автокөлікте арнайы орындығының болуын міндеттейді.

Баланың салмағы 36 келі, бойы 1 метр 35 см болса автокреслода отырады. Осы мөлшерден асып кетсе, қауіпсіздік белдемшелерін тағуға міндетті.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.