2015 жылы ҰБТ-ның өткізілу форматы өзгермейтін болды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 11, 2022

2015 жылы Бірыңғай ұлттық тестілеуді өткізудің форматы өзгермейді, деп хабарлады  Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

2015 жылғы маусым айының 1-і мен 15-і аралығында елімізде Бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) өткізіледі, оған 100 мыңнан астам мектеп түлегі қатысады деп күтілуде. ҰБТ оны өткізудің арнайы пунктерінің базасында ұйымдастырылады.

«ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде бес пән: қазақ немесе орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), таңдау бойынша пән (таңдаған мамандыққа байланысты, шығармашылық мамандықтары үшін таңдау бойынша пән — еркін) бойынша өткізіледі», — делінген хабарламада.

Әр пән бойынша 25 тапсырма ұсынылады. ҰБТ-ны өткізуге үш жарым астрономиялық сағат (210 минут) уақыт беріледі. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Ұ

БТ-ны объективті және ұйымдасқан түрде өткізуді Білім және ғылым министрлігінен арнайы дайындалған өкілдер қамтамасыз етеді.

Барлық ҰБТ өткізу пункттерінде жергілікті атқару органдары және министрлік тарапынан тестілеуді табысты әрі жайлы тапсыруға қажетті жағдай жасалады.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.