«Шахтер» футбол клубының жаңа директоры тағайындалды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 8, 2024

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін Қарағандының "Шахтеріне" атқарушы директор болып Нұрғазы Жарылғапов тағайындалды.

Бұл қызметті 2011 жылдан бері Ерден Халилин атқарып келген болатын. Ерден Балтабайұлы басқарған тұста команда өз тарихындағы ең жоғары жетістіктерге қол жеткізді: екі рет Қазақстан чемпионы атанды, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты.

Одан бөлек былтырғы жылы Қазақстан кубогы мен Суперкубокқа да ие болған еді. Ал, жаңа басшы Нұрғазы Жарылғапов бокстан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген бапкер.

Бір кездері ол Қарағанды облыстық спорт және денешынықтыру басқармасын басқарған.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.