Балғынбек Имаш «Алтын домбыра» алуға лайықты тағы үш әріптесін атады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 30, 2022

"Алтын домбыра"  аламан айтысында топ жарып, өзгеден ерекше дарынмен көзге түскен Балғынбек Имаш Бас жүлдені қанжығасына байлаған  болатын деп жазады Қазайтыс порталы. 

Жақында Балғынбек ақын өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде алтын домбыраға лайық үш ақынды атады.

"Алтын Домбыра! Жыры әлі таусылмай жатыр… Барша құттықтаушыларға да, сын айтушыларға да рахмет! Мұхтар да, Жандарбек те даусыз дарындар ғой. Алланың бұйрығымен, талантынының арқасында жеңіп алып, бір-бір жыл иелік етті", — деп жазады ақын.

Ол бас жүлдені жеңіп алуға әр ақынның құқы да, мүмкіндігі де бар екенін айтқан.

"Меніңше әр ақынның мүмкіндігі де, құқы да бар ұтып алуға. Ал егер менен сұраса кім лайық деп үш ақынды ойланбай атар едім. Олар: Бекарыс Шойбеков, Айнұр Тұрсынбаева, Айбек Қалиев! Шындық айтатын "пәленше" ғана дейді кейбіреулер. Бекарыстай батыл әрі бетке айтқан ақынды көргем жоқ өз басым! Айнұрдай астарлап, тігісін жатқызып айта алмайды "пәленшелер". Айбектей жанашырлықпен емес, атын шығару үшін айтады "пәленшелер"!!! Менің алған домбырамның еншілес егелері — осы үш досым, әріптесім", — деді Балғынбек Имашев.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.