Танымал комментатор қазақ футболшыларын өзектен теппеуге шақырды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 3, 2024

Белгілі журналист, спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен Қазақстан Футбол Федерациясының Президенті Ерлан Қожағапанов мырзаға шетелдегі қазақ футболшыларын қазақстандық футболға тарту жөнінде ұсыныс жасап, хат жазды.

Бұл хат  aladop.kz сайтында жарияланған.

"Құрметті, Ерлан Тоқтарханұлы, Сіз өз қызметіңізге келмей тұрып, 2014-жылғы футбол маусымының соңына қарай Қазақстан футбол федерациясы бірнеше даулы мәселеге байланысты заңнамалық-тәртіптер жасап шығарды. Яғни, Қазақстан футбол мектебінің түлегі деген ұғым пайда болды", — деп жазады журналист.

Ол шетелдіктер Қазақстан азаматтығын алған соң, жергілікті футболшылар зардап шеккенін айтады.

Соңғы жылдары расымен де ел азаматтығын алған шет елдік футболшылар қаптап кетті. Олардың дені негізінен Сербия мен Ресейлік азаматтар.

"Соңғы жылдары расымен де ел азаматтығын алған шет елдік футболшылар қаптап кетті. Олардың дені негізінен Сербия мен Ресейлік азаматтар еді. Қазақстандық футболшыларды қолдау аясында жасалынған бұл заңнамалық-тәртіп өте орынды қабылданды деп есептеймін. Дей тұрғанымен, осы заңнамалық-тәртіпті әлі де болса талқылауға салып, кейбір кемшін тұстарын тағы бір толықтырып өтсе деген тілек бар", — дейді Мәулен.

Хат иесі өз сөзіне мысал келтіріп, Нидерланды корольдігінің азаматы Мұрат Өнал есімді футболшының Қазақстан I-лигасында бір маусым өнер көрсеткенін де атап өткен.

"Нидерланды корольдігінің азаматы Мұрат Өнал деген футболшы Қазақстан I-лигасында бір маусым өнер көрсетті. Көптеген қазақстандық жанкүйерлер Мұраттың ойынына тәнті болды. Голландиядан ата-қонысын аңсап келген Мұраттай бауырымыз үшін біз тек қана қуаныштымыз. Жас шабуылшы енді тағы да Қазақстан чемпионатында футбол ойнауы үшін, әрі біздің елде сырттан келген келімсек футболшылар көп екендігін біліп, Қазақстан азаматтығын алуда. Сонымен қатар, футболшымыз оралман статусын да иемденбек. Өйткені, Мұрат Өналдың ұлты қазақ", — деп жазылған хатта.

Қазақстан футбол мектебінің түлегі болмағанымен, ұлты қазақ футболшыларды легионер деп өзектен теппесек екен.

Журналист  Қазақстан азаматтығын осы жақында алғанымен, ұлты қазақ болып саналатын азаматтарға жеңілдік жасауды сұрады.

"Қазақстан футбол мектебінің түлегі болмағанымен, ұлты қазақ футболшыларды легионер деп өзектен теппесек екен. Әйтпесе, Германия мен Түркияда, сонымен қатар, Еуропаның көптеген елдерінде доп теуіп жүрген қаншама қандасымызды қазақ футболына жақындата алмаймыз. Кәрі құрлықтың даңқты футбол академияларынан тәлім алған қазақ жігіттері ел футболының дамуына үлес қосары анық.Еуропа жасыл алаңдарында доп теуіп жүрген бірнеше жас футболшы Қазақстанға келуді армандайды. Өтінішімізге түсіністікпен қарап, қаны бір қандас бауырыңызға қолғабыс етерсіз деген ойдамын", — дейді хат авторы.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.