Такси парктері көліктерін балалардың автокреслосымен жабдықтауға кірісті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 20, 2022

Жаңа жол жүру ережесіне сәйкес такси көліктерінде балалардың арнайы орындықтарын алып жүру міндеттеледі. Осы орайда елордалық такси парктері арасында сауалнама жүргізіліп, бұл заңнамалық нормаға байланысты бірқатары пікірін білдірді.

Жалпы алғанда, такси парктерінің басшылығы көліктерін балаларға арналған арнайы орындықтармен жабдықтауға кірісетіндігін айтуда. Ал көшедегі жеке такси жүргізушілерінің кейбірі көліктерде аталған орындықтарды орнату қажет емес деген де пікір білдіреді.

Астанадағы "Жолбарыс" такси паркінің басшысы Сейілхан Запенұлы көліктерді балалар орындықтарымен әлі толық жабдықтап үлгермегенін атап өтті.

"Біз қазіргі кезде бұл мәселемен айналысудамыз. Яғни, орындықтарды көліктерге біржола сатып алуды зерделеп жатырмыз", — дейді ол.

Ал "City" такси паркінің әкімшісі Әлия Ордабаеваның айтуынша, парктегі 70 көлікті балалар орындықтарымен жабдықтау жүріп жатыр. "Әзірге, жүргізушілер тарапынан наразылық болған жоқ. Бұл бірінші кезекте балалар қауіпсіздігіне байланысты ғой", — деп атап өтті әкімші.

Бұдан бөлек, өзін Азамат деп таныстырған жеке такси жүргізушісі аталған орындықтарды орнатқанша, көшелерде жылдамдық өлшегіш құралдарды көптеп орнату керектігін, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің санын арттыру қажеттігін айтты. Оның пайымынша, жүргізушілер жылдамдықты шамадан тыс асырмаса, сол кезде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.

"Жол апатының барлығы көліктердің жылдамдық талаптарын сақтамауынан болады. Мәселен, қалада көп балалар мектепке, түрлі үйірмелерге таксимен барады. Менің ойымша, енді такси жүргізушілері балаларды отырғызудан бас тартуы мүмкін. Сонымен қатар таксимен жүру құны да қымбаттауы ықтимал", — деп түйді ол.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.