Ипотекаға қарызы барлар қысқы маусымда баспанасынан шығарылмайды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 5, 2024

Ұлттық банк "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" ЗТБ-мен, Алматы қалалық әкімдігімен, "Нұр Отан" партиясымен, қарыз алушылардың мүдделерін білдіретін қоғамдық бірлестіктермен, жекелеген екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, өзара әрекеттесу және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл туралы Ұлттық банкке сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Меморандумның тараптары кредитор банк алдындағы берешекті біржолғы өтеуге қабілетсіздігін құжатпен растаған ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешудің оңтайлы жолдарын іздестіру бойынша қажетті және ықтимал шараларын қабылдау жөнінде келісімге келді.

Меморандумның мақсаты кредитор банктермен өзара әрекеттесетін ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету және кредитор банктер алдында мерзімі өткен берешегі бар және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды кредитор банктермен жылыту маусым кезеңінде баспанасынан шығаруға жол бермеу мәселелерін реттеу болып табылады.

Бұл ретте меморандум ипотекалық қарыз алушылардың мәселелерін шешу жолдарын іздестіруге бағытталған іс-шаралардың тізбесін айқындайды.

Ұлттық банк меморандум тараптарына жүргізген жұмыстары үшін алғысын білдіреді және бұдан кейін де жемісті ынтымақтасуына сенеді.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.