Қостанайда көлікпен бірге жүргізушісі де өртеніп кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 19, 2022

Қостанайда жаңа жыл түні 29 жастағы жүргізуші өртенген көлік салонында ажал құшты. Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Абай даңғылы мен Хакімжанова көшесінің қиылысында болған.

"Мицубиси" көлігін басқарған жүргізуші жылдамдықты асыру салдарынан, рульге ие бола алмай бағдаршамнан өтіп кетіп, электр желісіне соғылған. Аунап кеткен ол өздігінен отқа оранған.

Өртті ауыздықтау барысында жүргізушінің мүрдесі табылды. Апат себебі мен келеңсіз жағдай алдындағы жүргізушінің жай-күйі туралы хабарланбады.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.