Қостанай облысында мас жүргізуші 18 жастағы қызды қағып кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 30, 2022

Қостанай облысында мас жүргізуші жаңа жыл түні 18 жастағы қызды қағып кетті. Қазір бойжеткен ауруханада ес-түссіз жатыр.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінен мәлімдегендей, жол апаты 1 қаңтар күні таңғы сағат 7:30-да Жангелді ауданындағы Торғай ауылында болған.

"Лада" көлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші жас қызды қағып кеткен. Жол апаты салдарынан жәбірленушінің басына, миына және бүйрегіне зақым келді.

Қазір ол облыстық ауруханада жатыр. Ал көлік жүргізушісі жеңіл жарақат алған. ЖКО кезінде жас жігіт орташа деңгейлі алкогольді мастану күйінде болғаны анықталды.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.