Қазақстан Еуразиялық одақ аясында бағаларды теңестіруді жоспарламайды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 3, 2022

Еуразиялық экономикалық одақ аясында бағаларды теңестіру мәселесі көзделіп отырған жоқ. Бұл туралы  Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

"БАҚ беттерінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында осы одаққа мүше елдердегі баға теңестіріледі деген алып-қашпа сөз көп айтылып жүр. Еуропалық одаққа мүше елдер арасындағы тығыз ықпалдастыққа қарамастан, бұл елдердегі баға бірдей емес. Тіпті, Қазақстанның аймақтарындағы баға да бірдей емес. Сондықтан, мемлекеттік шекара сыртындағы бағалар теңестірілмейді", — деді Дәленов.

Вице-министрдің айтуынша, салықтық режим, реттеуші актілер, көліктік төлемдер, нарықтағы бағалар, жалақы деңгейі, нарықтағы климат – бәрі бұрынғыдай қалады.

"Экономикалық ықпалдасуға түсіп жатқан елдер әдетте саудаға әсер ететін тосқауылдарды алып тастауға тырысып жатады. Олар монополияға қарсы ережелерді, субсидия деңгейі, жеңілдіктер мен басқа мәселелерді үйлестіреді. Қалған мәселелерді нарықтың өзі реттейді. Дегенмен, бұл үдеріс біртіндеп іске асады", — дейді ол.

Сондай-ақ, Дәленов 2014 жылдың қорытындысына да тоқталды.

"Жылдың қорытындысы жаман емес. 2014 жылы Қаржы министрлігі алғаш рет еуробонд (құнды қағаз түрі) шығарды және бұл процесс жақсы өтті. Бұл дегеніміз, шетелдік инвесторлар біздің елімізге жақсы көзқараста деген сөз. Ұлттық қордан бөлінетін 1 трлн теңгенің алғашқы траншы – 500 млрд теңге игеріліп жатыр. Келесі жылғы жоспарларымызды да анықтап алдық", — деді вице-министр.

Руслан Дәленов 2015 жыл "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" жаңа экономикалық саясатты іске асырудың алғашқы жылы болатынын да атап өтті.

"2015 жылдың өзінде-ақ отандастарымыз тиімді шарттарға негізделген жалдамалы тұрғын үйлерге қол жеткізе алады. Бизнесмендер болса, жеңілдетілген несиелерді алуды жалғастырады, оның үстіне Ұлттық қордан бөлінетін қаражат та бар. 1 қаңтардан бастап біздің азаматтарымыз автокөліктер мен өзге де тауарларды Ресей мен Беларусьтен қосымша құн салығынсыз кәсіпкерлік және өзге де мақсаттарда әкеле алады. Анықтамалар, түрлі процедуралар саны қысқарып жатыр, жекешелендіру үдерісі жүргізілуде. Бұл дегеніміз кәсіпкерлікті қолдау шаралары жалғасын табатынын білдіреді", — деді Дәленов.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.