Храпуновтың қызы зәулім үйін танымал әнші Бруно Марсқа сатты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 22, 2023

Алматының экс-әкімі Виктор Храпуновтың қызы өз үйін атақты америкалық әнші Бруно Марсқа сатып жіберді. Зәулім үй $6,5 млн долларға бағаланған.

Зәулім үй Лос-Анжелестегі ең беделді аудан Студио-ситиде орналасқан. Ол жерде кіл атақты адамдар тұратыны белгілі.

Әуелде өз үйін Эльвира Храпунова-Кудряшова $8 млн бағалаған, кейін атақты әншіге үйдің бағасын біраз түсіргенге ұқсайды. Алматы қаласының экс-әкімінің қызы бұл үйде бір жылдан астам тұрған.

Естеріңізге сала кетсек, Храпунов ел қазынасынан $300 млн жымқырды деп айыпталған еді. "Қашқын" шенеунік бұл ақшаға АҚШ пен Еуропадан қымбат көліктер, баспаналар, мекемелер мен басқа да активтер сатып алған еді.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.