ОҚО әкімі Назарбаевтың таңқалдырған ерекше қасиеттерін атады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 29, 2024

Оңтүстік Қазақтан облысының әкімі Асқар Мырзахметов жергілікті Оңтүстік Қазақстан басылымына сұхбат беріп, 2014 жылды қорытындылады. Сондай-ақ өз өміріндегі кейбір құпиялармен бөлісіп, табысқа жетудің сырын айтты.

 
Әкім табыстың басты кілті еңбекте екенін айтқан. Сол себепті, еңбектенуден ешқашан жалықпайтынын жеткізді. Сонымен қатар, облыс әкімі неше сағат жұмыс істейтінін де жасырған жоқ.

"Дәл мына уақытта үйiме қайтамын деп нақты айта алмаймын. Өйткенi, жұмыс барысына қарай кейде түнге дейiн еңбек етуге тура келедi. Демалыс жоқ деуге де болады", — деді әкім.

Облыс әкiмi ретiнде жалақым аз емес. Мемлекет онсыз да маған қызметiме сай ақша төлеп отыр.

Өткен жылдың аяғында Асқар Мырзахметов Шымкентттегі "Тәуелсіздік" саябағы авторларының бірі ретінде президент қолынан мемлекеттік сыйлық алып, сыйға берілген қаражатты балалар үйіне аударған еді. Сұхбат барысында әкім мұндай қадамға неліктен барғанын айтты.

"Жоғары марапатты алуым қазiргi лауазымыммен тiкелей байланысты. Әкiм болмасам мұндай iрi жобаны жүзеге асыра алмас едiм. Облыс әкiмi ретiнде жалақым аз емес. Мемлекет онсыз да маған қызметiме сай ақша төлеп отыр. Сондықтан Мемлекеттiк сыйлыққа берiлген ақшаны облыстағы бiрнеше балалар үйлерiне аударуды жөн деп таптым", — дейді Мырзахметов.

Соңғы кездері ОҚО әкімін келешігінен үміт күттіретін саясаткерлер қатарына жиі қосып жүр. Алайда Асқар Мырзахметов өз тарапына қатысты айтылған мақтау сөздердің әсер етпейтінін жеткізген.

"Әсер етпейдi. Мақтангершiлiктi жаным сүймейдi. Қарапайымдылық – қанға сiңген қасиет. Ата-анамыз өте көпшiл, кiшiпейiл жандар болды. Бiзге үнемi "қарапайым болыңдар, кеуде көтермеңдер" деп отыратын. Сол тәрбиенiң әсерi шығар, кез келген нәрсенi ақылға жеңдiруге тырысам. Өзiңдi мақтады екен деп дандайсуға болмайды. Ел жұмысыңды бағалап жатса да сол қарапайым қалпыңнан танбай еңбек ете беру керек", — деп жауап берді әкім.

Ел жұмысыңды бағалап жатса да сол қарапайым қалпыңнан танбай еңбек ете беру керек

Асқар Мырзахметов өз отбасындағы қазақы тәрбиенің көмегі көп болғанын, қанға сіңген қарапайымдылықтан әлі танбағанын айтады.

"Дәстүрлi қазақ отбасыларында қашанда әкенiң орны биiк. Әйел адам әрқашан отағасын сыйлап, оның сөзiне тоқтаған ғой. Анамыз әкемiздi отбасының бас иесi деп құрметтеп, қас-қабағына қарайтын. Кесiмдi сөздi әкемiз айтатын. Ата-анамыз бәрiмiздi бауырмал болуға тәрбиеледi. Әкемiз бiздi жиi мақтай бермейтiн. Есесiне, талабы қатал едi. Сол тәрбиенiң арқасында үш ұл мен бiр қыздың менен басқалары мектептi алтын медальмен бiтiрдi. Ал, жоғары оқу орнын бәрiмiз де қызыл дипломмен тәмамдадық. Қазақ "Әкеге қарап ұл өсер" дейдi. Отбасы тiзгiнi әрқашан әкенiң қолында болуы қажет", — деді Асқар Мырзахметов.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызмет бабы бойынша елбасымен жиі кезігіп тұратынын, елбасының ерекше болмысты адам екенін де атап өтті.

"Мемлекет басшысымен өте жиi демесек те, соңғы бес-алты жыл көлемінде қызметке байланысты кездесiп жүрмiз. Кейде бiрнеше күн қатарынан бiрге болған кездер де болды. Осы сәттерден түйгенiм, байқағаным — Елбасының ерекше даралығы, болмыс-бiтiмiнiң еректiгi. Бұл жағымпаздану емес. Әкiм болайын, болмайын осы пiкiрде қаламын", — дейді ол.

Мырзахметов кейде әр жерде елбасы туралы орынды-орынсыз мақтау сөздер айтыла беретінін де айтты.

Нұрсұлтан Әбiшұлының домбырамен ән шырқайтынын ел бiледi. Ол кiсiнiң гитарада да ойнайтынын көпшiлiк бiле бермеуi мүмкiн.

"Асыра сiлтейтiндер де бар. Асыра сiлтеу ол кiсiге ұнамайды. Қайта билбордтарда менiң суреттерiм неге көп деп ренжидi. Мақтауды сүймейдi. Қарапайым адам. Жан-жақты. Бiр келгенiнде Сарыағашта сурет салып отыр. Спорттың бiрнеше түрiмен айналысады. Ол кiсi тау шаңғысын да тебеді. Содан кейiн намысқа тырысып, тау шаңғысын меңгерiп алдым. Нұрсұлтан Әбiшұлының домбырамен ән шырқайтынын ел бiледi. Ол кiсiнiң гитарада да ойнайтынын көпшiлiк бiле бермеуi мүмкiн. Жақсыны үйренуге қашан да уақыт табады. Үнемi iзденiс үстiнде жүредi", — деп аяқтады сөзін әкім.

Еліміздегі және әлемдегі маңызды жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыз!

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.