2015 жылдың басты спорттық оқиғалары қандай?


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 21, 2022

2015 жыл ірі спорттық оқиғаларға толы болмақ. Азаттық биыл әлемде өтетін ірі халықаралық спорт жарыстарының күнтізбесін ұсынады.

2015 жылы шілденің 31-інде Куала-Лумпурда (Малайзия) 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізетін қала белгілі болады. Қысқы ойындарды қабылдауға Алматы (Қазақстан) мен Пекин (Қытай) үміткер.

Қаңтардың 24-і мен ақпанның 4-і аралығында Гранада (Испания) мен Осрбльеде (Словакияда) қысқы универсиада өтеді. Ал жазғы универсиаданы шілденің 3-і мен 14-і аралығында Кванджу (Оңтүстік Корея) қабылдайды.

2015 жылы футболдан Азия, Америка, Африка чемпионаттары ұйымдастырылады. Азия кубогы Австралияда (қаңтардың 9-ы мен 31-і арасында), Африка кубогы Экваторлық Гвинеяда (қаңтардың 1-сі мен ақпанның 8-і аралығында), Оңтүстік Америка кубогы Чилиде (маусымның 11-і мен шілденің 4-і арасында), Солтүстік Америка чемпионаты АҚШ пен Канадада (шілденің 7-сі мен 26-сы арасында) өтеді.

Маусымның 12-сі мен 28-і аралығында алғаш рет Еуропа ойындары өтеді. Бакудегі ойындарға тек Еуропа елдері қатысады.

Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, қазақстандық Юлия Галышева қаңтардың 15-і мен 25-і аралығында Крейшбергтегі (Австрия) ересектер арасындағы әлем біріншілігіне қатысады.

Ақпанның 18-і мен наурыздың 1-і арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Алексей Полторанин бастаған Қазақстан шаңғы құрамасы Швецияда өтетін әлем чемпионатына барады. 

Ақпанның 28-і мен наурыздың 1-і арасында Астанада конькимен жүгіруден әлем чемпионаты ұйымдастырылады.

Шорт-трекшілер наурыздың 13-15 күндері Мәскеудегі әлемдік сында жүлдеге таласады.

Қазақстандық жас спортшы Элизабет Тұрсынбаева наурыздың 2-8 күндері Таллинде (Эстония) өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына барады.

Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен 23-29 наурызда болатын Шанхайдағы (Қытай) әлем чемпионатына қатысады.

Наурыздың 3-і мен 15-і арасында Финляндияда биатлоннан әлем чемпионаты өтеді.

2015 жыл жазғы спортта Рио-де-Жанейродағы олимпиадаға іріктеу жылы болмақ. Биылғы әлем және құрлық чемпионаттарында олимпиада жолдамалары бөліске түседі.

Қазақстан жанкүйерлері үшін дзюдодан 24-30 тамызда Астанада өтетін әлем чемпионаты, күзде Дохадағы (Катар) бокстан әлем біріншілігі маңызды.

Қазақстандық дзюдошы Максим Раков 2009 жылы Роттердамда (Голландия) өткен әлем чемпионатында алтын алған. Содан бері Қазақстан дзю-додан әлемдік сында алтын ала алмай келеді.

2013 жылғы Алматыдағы әлемдік жарыста төрт алтын алған қазақ боксшылары Дохадағы әлем чемпионатына фаворит ретінде барады.

20-29 қарашада Хьюстонда (АҚШ) өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан атлеттері Рио-де-Жанейро жолдамасына таласады.

Күрес түрлерінен 2014 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында Қазақстан бірде-бір медаль ала алмады.

Енді қазақ балуандары 2015 жылы 7-15 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ) әлем чемпионатында жүлдемен қатар олимпиада лицензиясын алу үшін де күреседі.

Шілденің 24-і мен тамыздың 8-і аралығында Қазанда (Татарстан) су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл сынға Қазақстаннан Азия ойындарының үш дүркін чемпионы Дмитрий Баландин де барады.

22-30 тамызда әлемнің жеңіл атлеттері Пекинге (Қытай) жиналып, әлем чемпионатына қатысады. Қазақстан велоспортшылары 19-27 қыркүйекте Ричмондтағы (АҚШ) әлем чемпионатына барады. 2

015 жылы таэквондодан әлемдік жарыс Ресейдің Челябинск қаласында (12-18 мамыр) семсерлесуден әлем біріншілігі Мәскеуде (13-19 шілде) өтеді. Күзде спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты Глазгода (Шотландия), көркем гимнастикадан әлем біріншілігі Штутгардта (Германия) ұйымдастырылады.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.