Украинада танымал ресейлік әнші іздестіріліп жатыр


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 23, 2023

Украинаның қауіпсіздік қызметі Ресейдің рок-әншісі Юлия Чичеринаға бүкілукраиналық іздеу жариялады, бұған музыканттың Луганскіде өнер көрсетуі себеп болды.

 
Бұл туралы  РИА Новости УҚК Бас тергеу басқармасының бастығы Василий Вовкке сілтеме жасап хабарлайды деп жазады Алаш айнасы.

Оның айтуынша, Украинаның шығысындағы Киев бақыламайтын аумаққа келген актерлер мен музыканттардың бәріне іздеу жарияланады, соның ішінде, Юлия Чичерина да бар.

Юлия Чичерина 2 қаңтар күні Луганскіде "Ночные волки" байк-клубы ұйымдастырған қайырымдылық акциясы шеңберінде тегін концерт берген.

Еске сала кетейік, мұның алдында Украина билігінің Ресей актері Алексей Паниннің үстінен "Украинаның дербестігі мен аумақтық тұтастығына қол сұққаны үшін" қылмыстық іс қозғағаны хабарланған еді. Бұған Паниннің 2014 жылдың тамызында Одессаны басып алу ниеті туралы айтқаны себеп болды.

Жуырда Украина ұлтшылдары актерді Одесса мейрамханаларының бірінде ұстап алып, украиндер мен Қырым татарларына тіл тигізгені үшін кешірім сұратқан.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.