Зарина Дияс 2015 жылдың жеңіспен бастады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 26, 2024

Зарина Дияс 2015 жылды Қытайдағы жарыс басындағы жеңісімен бастады.

21 жастағы қазақстандық спортшы 500000 доллар жүлделік қоры бар Shenzhen Open жарысында төртінші нөмірмен шығып, бірінші айналымның матчын жеңіп алды.

Орталық кортта Әлемде 33-ші ракетка болып табылатын қазақстандық теннисші бір сағаттан аз уақыттың ішінде Хорватияның өкілі, WTA рейтингісінің 82-ші ракеткасын Донна Векичті 6:3, 6:1 есебімен ұтты.

Екінші айналымда Зарина Тимеа Бабош (Венгрия) — Цзян Ван (Қытай) арасындағы ойынның жеңімпазына қарсы шығады.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.