Құтқарушылар AirAsia ұшағын іздеу ауданында ірі бөліктерді анықтады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 23, 2023

AirAsia әуекомпаниясы ұшағы апатқа ұшыраған жерді іздеу кезінде ұшақтың төрт ірі сынығы табылды. Бұл туралы Индонезияның Қорғау және іздеу агенттігінің жетекшісі Бамбанг Соэлисти хабарлады.

Ұшақ сынықтарын зерттеу үшін сүңгуір қайықтар мен сүңгуірлер жұмылдырылған. Жұмысқа қатты жел мен асау толқын бөгет келтіріп отыр.

Құтқарушылар тобы ұшақты іздеу барысында оқиға орнынан 30 адамның мүрдесін тапты.

Индонезияның Сурабая қаласынан Сингапурға бағыт алған Airbus А320 ұшағының бортында 162 адам болған. Жолаушылардың 3-еуі оңтүстіккореялық, 1-еуі британдық, 1-еуі малайзиялық, 1-еуі сингапурлік, ал қалған 157-сі Индонезия тұрғындары екен. Бұл туралы bbc хабарлайды.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.