Қазақстандық химик «Еуразияның үздік жас ғалымы» атанды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Ноя 12, 2022

Қазақстандық химик ғалым Ерлан Досжанов "Еуразияның үздік жас ғалымы" сайысында жеңімпаз болды. Конкурсқа ТМД елдерінен келген жүзден астам ғалым қатысты. Ерлан Досжанов

Жерлесіміздің жұмысы "Адам экологиясы" номинациясында үздік деп танылды. Ерлан Досжанов — PHD докторы, Жану проблемалары институтының ғылыми қызметкері.

Ғалым жерді мұнай ластануынан тазартудың әдісін ойлап тапқан. Досжанов ол үшін микроағзаларды қолдануды ұсынды.

"Бұл әдіс арқылы топырақты 73-90 пайызға дейін тазартуға болады. Көмірсутектер тотығып, соңында су мен көмірқышқыл газы бөлініп шығады", — деп түсіндірді Ерлан Досжанов.

Айта кетелік, Ерлан Досжанов топырақтың ластануының себебін биохимиялық әдіспен табу жобасының авторы, деп жазады massaget.kz.

Новости Казахстана


Ноя
11

Комментарии закрыты.