Былтырғы жылдың қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық істері


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 17, 2023

Еліміздің Ішкі істер министрлігі соңғы он бір айдың ішінде 300 мыңнан астам қылмыс тіркелгенін жариялады. Bnews.kz өткен жылқы жылының еншісіндегі кейбір қылмыстық істерге шолу жасады.Фото: news.mail.ru

"Контрабандист" кеденшілер

Биыл Алматыда ұйымдасқан үш қылмыстық топқа қатысты сот шешімі шықты. Нақтырақ айтқанда, бірнеше жыл бойы Қазақстанға Қытай мен Түркиядан контрабандалық тауарлар жеткізуге "көмектескен" кеденшілер жазаға тартылды. Заңсыз әрекетке жол берген кеден органдарындағы лауазымды тұлғалардың прокурорлық тексеріс қорытындысы бойынша мемлекетке 3,5 млрд теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды.

Қылмыстық топ кеден органдарындағы лауазымды тұлғалардың "көмегімен" өздерінің құйтыртқы әрекетін жүзеге асырып келген. Прокуратураның хабарламасына қарағанда, олар контрабандалық тауарларды көлікпен де, теміржол және әуекөлігімен де тасымалдаған. Бүгінгі таңда екі қылмыстық топтың басшылары мен оның 14 мүшесіне және 4 кеденшіге қатысты үкім шықты.

Каркуланы кім атып кетті?

Батыс Қазақстан облысында танымал бизнесмен шаруа қожалығының иесі Виталий Каркуланы өлтіріп кетті. Оның әйелі – облыстық мәслихаттың депутаты Валентина Каркула да ауыр жарақат алып, жан сақтау бөліміне жөнелтілді.

Қайғылы оқиға 12 қаңтарда БҚО Зеленов ауданына қарасты Переметное ауылында орын алды. Қаскүнемдер кіреберістегі терезені сындырып, кәсіпкердің үйіне басып кірген. Оны басынан атып өлтірсе, әйелінің басын жарған.

Ауыр соққыдан ашық бас сүйегі-ми жарақатын алған ол ауыр халде аруханаға жөнелтілді. Облыстық клиникалық ауруханадан білікті мамандар шақыртылып, әйелге отажасалды. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу тобы құрылды.

2012 жылдың желтоқсанында осыған ұқсас жағдайда Виталий Каркуланың қарындасы Наталья Каркулова өлтірілген болатын. Осы қылмыс бойынша "Каркула" ШҚ-да жұмыс істеген екі адам сотталды.

Өмірлік жаза тағайындалды

Елді шулатқан қылмысық оқиғаның бірі Ақтөбеде тіркелді. 15 жастағы қызды айуандықпен өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Ал оның сыбайласы Виктория Савич 25 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болады. Мұндай үкімді Ақтөбе облыстық ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соттың судьясы Мәдина Сисенова шығарды.

Айта кеткен жөн, өткен жылдың қазан айында Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан ала дорбаға салынған оқушы қыздың мәйіті табылған болатын. Кейін тергеу кезінде сотталғандардың бірі Виктория Савич сүйіктісінің өтініші бойынша пәк қыз іздеген. Мектеп оқушысымен әлеуметтік желі арқылы танысып, жалдамалы пәтеріне алдап шақырған. Сыбайласы Сергей Наумцев сол түні оқушыны зорлап, буындырып өлтіріген.

Алқа билердің қатысуымен өткен сот отырысында Сергей Наумцевті ҚР ҚК 257,96,120 баптары бойынша, Виктория Савичті ҚР ҚК 28-120, 96 баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Жоғалған баланың жұмбақ өлімі

Қазан айында ел тұрғындарын қайғыға салған қасіреттің бірі – Ақтөбеде 5 жасар баланың жоғалып кетуі. Таңертен есіктің алдына ойнауға шыққан Темірлан Сандыбаев із-түзсіз кеткен. 15 минуттан кейін артынан шыққан анасы ұлын таппай қалған. Полиция мен көрші-көлем сағат 03:00-ге дейін сол маңдағы аулаларды тінтіп шықса да, еш нәтиже болмады.

Бүлдіршінді іздеуге ІІД-нің жеке құрамы толық жұмылдырылып, қалада жаппай іздестіру жұмыстары жүргізілді. Екі апта бойы дамыл таппаған еріктілер тобы да қаланы түгел тінтіп шықты. Бала табылмады. Жарты айға жуық уақыт бойы із-түзсіз жоғалған Темірланның мәйіті ақыры Қарғалы өзені маңынан табылды.

Оны саңырауқұлақ теруге шыққан 45 жастағы жергілікті тұрғын тауып алды. Осы оқиға бойынша баспасөз мәжілісін өткізген облыстық ІІД Темірланның кісі қолынан қаза болмағанын жариялады. Алайда баланың мәйітін өз қолымен алып кеткен әкесі Темірланның бойынан табылған жіп іздерін айтып, бәзбіреулер оны ашқұрсақ ұстап, қинап өлтіргенін айтады. Айта кеткен жөн, Темірланмен қоштасуға жанашыр жандардан бөлек, Ақтөбе халқы да қатысты.

Баласын сатам деп, бас бостандығынан айрылды

Алматыда сәбиін сатқан ана құқық қорғау органдарының құрығына ілінді. Жаңа туған сәбиін 150 мың теңгеге сатқан ана мен баланы сатып алушы 7 жылға бас бостандықтарынан айрылды.

Белгілі болғандай, Исаева есімді азаматша жүктілік кезінде сәбиін сатып алатын адамдар іздей бастаған. Іздестіру жұмыстары нәтиже беріп, ақыры бала сүймеген отбасы нәрестені сатып алуға келісімін береді.

Алатау аудандық сотының үкімімен жаңа туған нәрестені "сатушы" мен "сатып алушылар" ҚР ҚК 133 бабы 2 тармағы "а" тармақшасы бойынша айыпты деп танылып, әрқайсысы 7 жылға бас бостандықтарынан айрылды, сондай-ақ ҚР ҚК 63 бабының негізінде әрбіреуіне 3 жыл шартты мерзіммен жаза тағайындалды.

Павлодарды дүр сілкіндірген қылмыс

Жуырда Павлодар қаласында болған оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Торайғыров көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінде бес адамның мәйіті табылды. Оның екеуі – бала. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары қолға алынды. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, пәтер ішінде тірі табылған бір адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Алайда, ауыр халде жатқан адамнан ешкім ештеңе сұрай алмайды. БАҚ беттерінде жарық көрген ақпараттарға сүйенсек, қаза болғандардың біреуі қыз, біреуі ұл бала, екі әйел адам және бір ер адам. Әзірге, қылмыскер бір әйел адамды тұншықтырып, қалған төрт марқұмды пышақтап өлтірді деген мәлімет таратылуда.

Мектеп оқушысы қылмыс жасады

Астанада жаңадан ашылған №76 мектепте болған жантүршігерлік оқиға БАҚ-тың басты тақырыбына айналды. Астанада сыныптасын өлтірген жасөспірімнің қылмысы тіркелді. Тарих пәні сабағында 8 сынып оқушылары арасында жанжал шығып, балалардың бірі сыныптасының кеуде тұсын жарақаттаған.

Алғашқыда қалам сұғып алған деген ақпарат таратылса, кейіннен жеткіншектің кеңсе пышағын сұғып алғаны айтылды. Жарақат салдарынан оқушы оқиға орнында жан тапсырды.
 

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.