2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі екі кезеңге бөлінуi ықтимал


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Ноя 22, 2022

2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі екі кезеңге бөлінбек. Білім және ғылым министрлiгiнен бұдан бұрын хабарлағандай, қазіргі бірыңғай тест жүйесі айтарлықтай нәтиже көрсеткен жоқ.

Өйткені, "мектептен алған білімді тек бір салада толық көрсету мүмкін емес". Сондықтан енді мектеп түлектері екі кезеңдік сынақтан өтеді. Алдымен олар бірнеше пәннен жазбаша емтихан тапсырады.

Ал жоғарғы оқу орнына түсер сәтте кешенді тестілеуге қатысады. Яғни, талапкер алдымен аттестат алу үшін мектеп бітіру емтиханын тапсыруы керек. Ал жоғарғы оқу орнына түсу үшін бөлек сынақтан өтетін болды.

Әрі екеуі де автоматтандырылған компьютерлік әдіспен жүргізілмекші. Жалпы нобайы жасалғанымен, әзірге жоба құрастырылу үстінде. Кешенді тест екі бейінді пән бойынша өткiзiлуi мүмкiн.

Сондай-ақ емтиханның өту формасы да өзгередi деп күтiлуде. Атап айтқанда, мәтінмен жұмыс жүргізіліп, біліктілікті тексеретін бірнеше тапсырмалар беріледі. Бұл оқушылардың жаттанды білімін емес, оны іс жүзінде қаншалықты пайдалана алатынын анықтайды.

Новости Казахстана


Ноя
11

Комментарии закрыты.