«Астана» клубы румындық футболшыға миллион долларға келісімшарт ұсынды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Ноя 24, 2022

Румындық «Волыни» жартылай қорғаушысы Эрик Бикфалви Қазақстанда өзінің спорттық жолын жалғастыра алады.

Украина чемпионатында он гол соққан саңлақ спортшыға «Астана» футбол клубы қызығушылық танытуда. «Астана» Бикфалвиге миллион доллар сомасында келісімшарт ұсынды.

Алайда Эрик Қазақстанға келуге асығар емес. Себебі ол мұндай жағдайда өзінің құрамаға қабылдану мүмкіндігі едәуір азаятынын түсінеді.

Бикфалвиге «Астанадан» басқа Түркия мен Германиядан да бірнеше клубтар көз тігіп отыр. Бикфалви «Волынимен» келісімшарты аяқталуына әлі де жарты жыл бар екенін, Луцкідегі жағдайына қанағаттанатындығын мәлімдеді, деп жазды sports.kz.

Новости Казахстана


Ноя
11

Комментарии закрыты.