Forbes журналы Голливудтың ең табысты актерлерін анықтады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 8, 2022

Америкалық Forbes журналы жыл сайынғы ең табысты актерлердің тізімін жариялады деп жазады comode.kz.

Тізімде ең бірінші орынға 24-жастағы Дженнифер Лоуренс жайғасқан. Ол түскен фильмдер әлем бойынша 1,4 млрд $ жинаған.

Биыл Лоуренс екі бірдей әйгілі блокбастерлерде ойнады. «Голодные игры: Сойка-пересмешница», «Люди икс: Дни минувшего будущего». Келесі жылы «Голодные игры» фильмінің соңғы бөлімі шығады. Бұл да үлкен табыс әкеледі деп күтілуде.

Журналдағы мәлімет бойынша, 2013-2014 жылдар аралығында Лоуренстің өзі 34 млн $ ақша тапқан.

Ең табысты актерлердің екінші орынында фантастикалық «Стражи галактики» боевигінің жұлдызы Крис Пратт орналасқан. Ол ойнаған фильмдер әлемдік деңгейде 1,2 млрд $ табысқа кенелген.

Үшінші орынға Скарлетт Йохансон ие болды. 1,18 млрд $ қаржы жинаған. Өткен жылы ол тек ана ғана болып қоймай, «Первый мститель: Другая война» фильмінде сәтті ойнады.

Төртінші орынға фантастикалық «Трансформеры: Эпоха истребления» боевигінің жұлдызы Марк Уолберг ие болды. Ол 1 млрд $ табыс әкелген.

Одан кейінгі орынға Крис Эванс (801 млн $), Эмма Стоун (764 млн $), Анджелина Джоли (758 млн $) және Джеймс Макэвой (747 млн $) жайғасты. Үздік ондықтың тізімін Майкл Фассбендер мен Хью Джекман аяқтайды. Екеуі де 746 млн $ табыс әкелген.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.