Ғалымдар обыр дертінен шалдықпау үшін шылымнан бас тарту керектігін айтты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 23, 2022

Cancer Research UK ұйымы жүргізген зерттеу өмір сүрудің кейбір факторларын өзгерту обырдың даму тәуекелін 10-нан 4-ке дейін төмендететінін көрсетті.

Ғалымдар темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, ішімдік ішу сияқты жаман әдеттер тәуекелді арттыра түсетінін айтады, деп жазды Science World Report. Зерттеу деректері бойынша ең қауіптісі — темекі шегу.

Шылым шекпей, дұрыс тамақтанса, атап айтқанда көкөністер мен жеміс-жидектерді көбірек тұтынса және рационнан өңделген өнімдерді алып тастаса, жағдайды түзетуге болады.

«Көптеген зерттеулер өмір сүру салты обырдың даму тәуекеліне ықпал ететінін көрсетті. Меніңше, Жаңа жыл — салауатты өмір салтын жүргізуді бастауға тамаша мүмкіндік», — дейді зерттеуші Макс Паркин.

Ғалымдар соңғы 5 жылда темекі шекпеу арқылы шамамен 314000, дұрыс тамақтану арқылы — 145000 обыр жағдайының алдын алуға болушы еді деп мәлімдеді.

Ал 88000 оқиға артық салмаққа байланысты орын алған. Зерттеушілер үкімет арнайы шара өткізіп, адамдарға салауатты өмір салтын құруға жәрдемдесуі қажет деп санайды.

Мысалы, Ұлыбританияда шылымқұмарларды 1 пайызға азайтқанның өзінде жылына 3000-ға жуық адамды ажалдан арашалап қалады.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.