AirAsia ұшағында қаза тапқан 16 адамның мәйіті табылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 21, 2022

AirAsia әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған Ява теңізінен тағы 7 адамның денесі табылды. Олардың алтауын АҚШ-тың әскери кемесіндегілер тапса, жетіншісін малайзиялық құтқарушылар тапқан.

Осылайша, лайнер апатының салдарынан қаза тапқан 16 адамның мәйіті белгілі болды. Жалпы, іздестіру аумағы қазір 13 жарым мың шаршы шақырымға дейін кеңейтілген.

Құтқару операциясына 19 кеме, 4 тікұшақ пен 5 ұшақ тартылған. Бұдан басқа, 47 сүңгуір маман жұмысқа кірісуге дайын тұр.

Ал Сингапур билігі лайнердің қара жәшігін табу үшін су астында қашықтықтан басқаруға болатын құрылғы жіберді.

Мамандардың айтуынша, «қара жәшікті» іздеп табу бірнеше аптаға созылуы мүмкін.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.