Ақтөбеде жоғалғанына 10 күн болған оқушы табылмай жатыр


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 9, 2023

Ақтөбенің Хромтау ауданында жиырмасыншы желтоқсан күні үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған Леонид Ищенконы іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда.

Жоғалғанына бүгін он бірінші тәулік болса да, жасөспірімнен ешқандай хабар болмай тұр. Леонид Ищенко үйінен таңғы сағат жеті жарымда шығып кеткен. Қалтасында сол күні тек елу теңгесі болыпты.

Соңғы рет сыныптастары мектеп ауласынан көрген. Бірақ ол сабаққа қатыспаған. Жасөспірімді іздеу жұмыстарына екі мыңға жуық полицей мен ерікті жұмылдырылды.

Қазір облыс көлемі бойынша оқушының фотосуреттері қоғамдық орындарға ілінген. Леонидтің жақындары баласы туралы жақсы хабар айтқан адамға сыйақы дайындап қойыпты.

"Бізге ұлымызды табуға көмектесіңдерші. Жалынып сұраймыз. Көрген, білгендер болса полицияға хабар беріңіздер", — дейді  Леонидтің әкесі Анатолий Ищенко.

Алайда, полиция «адам өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. "Іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", -дейді мамандар.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.