Тэтчердің Рейганға Горбачев туралы жазған хаты жарияланды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 25, 2022

Аталған құпия құжатты бүгін Ұлыбританияның Ұлттық архиві көпшілікке жария етті. Онда елдің бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчердің Михаил Горбачевпен алғашқы таныстығы жайында айтылады деп жазады Agence France-Presse. Михаил Горбачев пен Маргарет Тэтчер. Фото: «Коммерсантъ»

Горбачев өзінің Ұлыбританияға алғашқы ресми сапарын 1984 жылы — КОКП ОК-ның бас хатшысы болуынан 4 ай бұрын жасаған. Ал Тэтчер болса АҚШ-тың сол кездегі президенті Рональд Рейганға жазған хатында Горбачевты ашық-жарқын, жайдары, әзілқой деп суреттейді.

"Ол өзін барынша ашық ұстайды, түсіністікпен қарайды бар нәрсеге. Онымен жұмыс істесуге болатынына сенімдімін. Ол маған расымен де ұнап қалды" деп жазады премьер-министр өз хатында.

Сонымен қатар, құпия құжаттардан Горбачевтың әйелі Раиса Горбачеваның сол сапар кезінде Ұлыбританиядағы ең үздік зергерлік дүкендердің біріне кіріп, гауһар тасы бар алтын сырға сатып алғаны белгілі болып отыр.

Ол сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министріне картоптан жасалатын белорустік 500 түрлі тағамның рецепті жазылған кітапты сыйлаған.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.