Үкімет спортшылар мен бапкерлерді өмiр бойы төлем жасау қағидасын бекітті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 24, 2023

Қазақстан үкіметі спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекiтті, деп хабарлады сейсенбіде ресми БАҚ.  Илья Ильин бапкерімен бірге Қызылорда облысы әкімінің қабылдауында

"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары бекiтiлсiн", — делінген үкімет қаулысында.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қағидаға сәйкес, материалдық қамсыздандыру Қазақстан азаматтары болып табылатын әрі дене шынықтыру және спорт саласында кемiнде жиырма жыл еңбек өтілі бар мынадай спортшылар мен жаттықтырушыларға: Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңiп алған спортшыларға төленеді.

Құжатта түсіндірілгендей, материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органның бюджеттiк бағдарламалары арқылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленедi.

Қаулының қосымшасында спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу мөлшері көрсетілген.

Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңiп алған спортшыларға – 24 айлық есептiк көрсеткiш; Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары және жүлдегерлері, және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңiп алған спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға – 24 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде.

АЕК мөлшері  жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.