Қызылорда облысында 100 шақты адам қауіпсіз жерге көшірілді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 29, 2023

Қызылорда облысы Ботабай ауылының суға кету қаупі туындауына байланысты 100 шақты адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметінен. Скриншот КТК арнасынан

"19 үйден 94 адам (оның ішінде 30 бала) қауіпсіз жерге көшірілді, су басында тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды", — делінген ТЖД хабарында.

Аулаларын су алған 4 үйдің сулары мотопомпа арқылы жақын орналасқан арыққа ағызылды. Сонымен қатар су ортасында қалып қойған 12 ірі қара және уақ мал қауіпсіз жерге шығарылды.

ТЖД ақпарынша, ауылдың суға кетуіне Сырдария өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі себеп болған. Қазіргі таңда, Сырдария өзеніндегі су деңгейі 70 сантиметрге түсті, Ботабай ауылын су алу қаупі жоқ.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.