Таразда тапа-тал түсте банк ішінде 3,5 млн теңге тоналды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 9, 2022

Таразда банк ішінде қарақшылық шабуыл жасалынды. Тапа-тал түсте болған оқиғадан "Тараз- Су" мекемесінің кассирі жарақаттанған.

"Мекеменің қаржысын әдеттегідей банке өткізуге келген қызметкерді белгісіз біреу бастан ұрып талдырып, сөмкесін ала қашқан", — дейді полицейлер.

Оқиға қала орталығындағы мына ғимараттың кіре берісінде болды. Жәбірленушінің айтуынша, қол сөмкеде үш жарым миллион теңге болған көрінеді. Тәртіп сақшылары қазір кассирмен оны осында жеткізген көлік жүргізушісін тергеуде.

Алайда, әзірге нәтижесіз. Сондай-ақ, банктегі барлық бейнекамералар толық зерделенбек.

"Қолды болған қаржы бұл сомадан көп болуы мүмкін", — дейді мамандар. Нақты есебін шығару үшін қазір "Тараз су" мекемесінің кассасын қайта санап шықпақшы. Бұл оқиғаға байланысты аталмыш мекеменің басшылары да жауапқа тартылуы мүмкін.

"Өйткені, кассир мол қаржыны ешқандай күзетсіз, арнайы көліксіз банке күнделікті өздері әкеліп отырған", — дейді.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.