Сырдария арнасынан асып үйлер су астында қалды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 16, 2023

Қызылорда облысында Сырдария арнасынан асты. Ернеуі көтерілген өзеннен, әсіресе, Шиелі ауданына келер қауіп күшті. Бірінші болып Ботабай ауылы зардап шекті деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл елді мекенде 20 үй су астында қалған. Қазір елді-мекен жұрты жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Дегенмен, бөгеттер қайта қатайтылмаса, ағыс тағы екі ауыл — Жөлек және Жуантөбеге жете ме деген қауіп бар. Өңірде төтенше жағдай жарияланды.

Сырдариядан жеткен сумен алысып, әлек болып жүрген жұрт шамалары жеткенше топан суға тосқауыл қойып, қолдан бөгет жасаған. Бірақ екпіні қатты ағыс дес берер емес. Су Ботабайдағы 20 үйді бүлдіріп үлгерген.

Ботабайлықтар дарияның таси бастағанын өткен аптада, күн жылыған сәтте-ақ байқаған екен. Ал мамандар Сырдың бұл жолғы тасуына күрт жылынған күн райы себеп деп отыр. Сөйтіп, ағысы күшейген өзеннің мұзын жаруға мұрша бермеген.

"Дәрия суы мына күннің жылуына байланысты, жоғарыдан келіп жатқан жылы судың төменге қарай тесу-жару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермеуде. Сондықтан тек қана қорғаныс бөгеттерін нығайту бағытында тиісті шаралар қолданылып, толықтай атқарылды", — дейді Қызылорда облысы әкімдігінің бөлім басшысы Жасұлан Шынтасов.

Қазір Шиелі өңірінде Төтенше жағдай жарияланып отыр. Апат салдарын жоюға адамдар жеткізіліп жатыр. Әйтпесе, Шиелідегі тағы екі ауыл —  Жөлек пен Жуантөбеге де қатер келуі мүмкін. Оның үстіне, синоптиктер де әзір суық түспейді дейді. Ал шығын жағы қауіп сейілген соң бір-ақ есептелмек.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.