Астанада Украинаның жағдайы жоғары деңгейде талқыланады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 27, 2022

Украина президенті  Петр Порошенко 15 қаңтарда Астанада Украинадағы жағдайға байланысты "Норманд форматында" кездесу өтетінін мәлімдеді.Петр Порошенко

Бұл форматтағы кездесуге Украина, Ресей, Германия және Франция басшылары қатысады, деп хабарлайды  РБК.

Кездесудің дайындалып жатқандығы жөнінде Порошенко украиналық "Бірінші ұлттық арнадан" трансляцияланған  баспасөз мәслихатында мәлім етті. Украина президентінің сөзіне қарағанда, қазір "бұл саммитте қаралатын мәселелер жобасы пысықталуда".

Порошенко Минскі тобының кездесулерін жалғастыруға Киев мүдделі екенін атап өтті. Ол мұнымен қатар Женева форматына  қайта оралу, яғни  келіссөздерге ЕО, АҚШ, Ресей және Украина тараптарының қатысуы мүмкіндігін де жоққа шығармады. 

22 желтоқсанда Порошенко, Путин, Олланд пен Меркель телефон арқылы келіссөздер жүргізді. Оның аясында тараптар 24-26 желтоқсан аралығында Минскі тобының кезекті кездесуін өткізуге уағдаласты. Минскідегі келіссөздің қорытындысы бойынша ЛХР басшысы Игорь Плотницкий, жалғыз нәтиже — Киев және халық республикалары арасындағы тұтқындарды айырбастау туралы келісім болғанын атап өтті.

Мұның алдында  төрт елдің көшбасшыларының кездесуі қазан айының ортасында Миланда өткен. Онда кездесудің негізгі тақырыбы Ресей мен Украина арасындағы газ төңірегіндегі дау болған еді. 

Кездесу қорытындысы бойынша Путин, тараптар газ құнын $100 жеңілдікпен қайта есептеп, украиналық қарызды азайту туралы келісілгенін мәлім етті.

Донецк және Луганск облыстарында әзірге оқ атуды тоқтату және украиналық ауыр артиллерияны шығару мәселесі толығымен шешілген жоқ. 25 желтоқсанда Украина Бас штабының төрағасы Александр Розмазнин мәлімдегендей, украина әскері тыныштық режімі сақталған жағдайда ғана Донбастан ауыр артиллерияны шығара бастайды.

ДХР мен Киев арасында алғаш рет оқ атуды тоқтату туралы қыркүйек айында уағдаласқан болатын.

Ал Минскіде 5 және 19 қыркүйекте өткен келіссөздерде ауыр қаруларды  Донецк және Луганск облыстарынан шығаруға және 30 шақырымдық қауіпсіздік аймағын құруға келісті.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.