Алматы облысында қой ұрлауға күдікті екі шетелдік ұсталды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 17, 2022

Алматы облысының учаскелік инспекторлары 4,5 млн теңгенің қой ұрлығына күдікті екі шетелдікті ұстады, деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметі.

Хабарламада атап өтілгендей, "Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-іне Қырбалтабай ауылының тұрғыны барымташылар оның шаруа қожалығы аумағынан 154 бас таңдама қойды ұрлап кеткені туралы шағымданған. Фермер шаруашылығына келген шығын 4 млн 620 мың теңгеден астам соманы құрайды", — делінген хабарламада.

Қырбалтабай ауылдық округінің учаскелік полиция инспекорлары барымташылардың ізіне түсіп, ну қамыстың арасынан екі күдікті ер адамды қолға түсірген. Олар қамыс арасына жасырылған қойларды көрсетті.

"Қазіргі кезде бір отар қой заңды иесіне тапсырылды", — делінген хабарламада. Полицейлер күдікті адамдардың ат-жөнін анықтады, олардың екеуі де Алматы қаласында уақытша тұрып жатқан бұрынғы кеңестік республикалардың бірінің азаматтары болып шыққан.

Тіркелген факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ұсталған адамдардың басқа да осы сипатты қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексермек.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.