Алматы облысында мұғалімдер әкімнен тақта сыйлауды сұрады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 21, 2023

Алматы облысының басшысы Амандық Баталов өткен демалыс күндері аймақтың құрметті азаматтарын жаңа жыл мерекесімен құтықтады. Құттықтау рәсімі Алматы қаласында өзіндік тарихы бар "Қазақстан" қонақ үйінде өтті.

Салтанат сарайына Алматы облысының әкімі 140-тан астам қарияға ақ дастархан жайып, әр қайсысына 70 000 теңгеден қаржылай сыйлық үлестіріп шықты.

Ол сондай-ақ өзі басшылық ететін облыстың әлеуметтік ахуалының нашарлығын айтты. Оның барлығын бір жылдың ішінде шешу мүмкін еместігін де ескертті.

Алматы облысында үш ауысыммен оқитын 59 мектеп бар. Алдағы жылда осы мәселені бірінші болып шешуіміз керек. Балабақшалар жетіспеуде. Облыста 222-і  елдімекен таза ауыз суға жарымай отыр.

"Оның  жартысына су тарту үшін қаржы мәселесін шешіп қойғанбыз", – деді Амандық Баталов.

Алматы облысына қарасты Іле ауданындағы Өтеген батыр аулының №7 мектебі мұғалімдері Амандық Баталовтың жеке блогына "Мектептегі барлық жиһаздар ескірген. Тақтаны қанша жуып, сүртсек те жазуға келмейді. Әбден тозығы жеткен. Жаңа жылға Аяз ата болып, бізге тақта сыйлаңызшы," — деп хат жазған болатын.

Әкім бұл хатты әлі оқымағанын айтты. Десе де "Бұл басқа мәселелермен салыстырғанда жарасы жеңіл. Көмекшілеріме тапсырма берем. Міндетті түрде тақта сыйлайтын боламыз", — деп жауап берді.

Еліміздегі және әлемдегі басқа да жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыздар
 

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.